Чугарин Стасик (17.03.2007 жылы туған)
03.07.2009
Чугарин Стасикті 2008 жылғы мамыр айында ауруханаға учаске милиционері мен кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор алып келді. Дәл осы күні «Светоч» деп аталатын қалалық панаханаға апалы-сіңілі 2001 жылы туған Леночка мен 2005 жылы туған Танечканы алып кетті. Осы үш бала үш тәулік бойы жалғыз өздері ғана болған. Шешелері ішімдікке салынған, кей кездері сау болғанда «Светоч» панаханасына қыздарына барып тұрады. Қыздарға кәрі әжесі де барып тұрады. Ал кішкентай Стасикті барлығы ұмытып кеткенге ұқсайды.
«Казцинктің» тәрбиеші-ұстазы күн сайын ауруханаға келіп, балаларды үйретіп, серуендеуге шығарып тұрды. Стасик төсек жағалап жүре бастады, бірақ бүйірлеп жүреді. Тәрбиеші баланы дұрыс жүруге үйрете бастады. Сәби ақылды, көңілді, ширақ бала болып шықты. Болашақ ата-анасы баламен кездесуге Өскеменнен Риддер қаласына айына екі-үш рет келіп тұрды.
2008 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Стасик «казцинктік» «Солнышко» панаханасында тұра бастады, бұнда ата-ана орнын күтушілер басты. Балаға үнемі құнарлы тамақ, шырындар, жемістер беріліп тұрды. Жалпы даму сабақтары да жүргізілді.
2008 жылғы 19 желтоқсанда үш балаға ата-ана құқынан айыру жөнінде сот отырысы болып өтті. 30 қаңтар күні құжаттарды ресімдеп болғаннан кейін, Стасикті асырап алушы ата-анасы панаханадан алып кетті.
Бұл отбасы Риддер панаханасына бірнеше рет келіп кетті. Стасик туралы ата-анасы айтып тауыспайды. Барлығы қуанышты да бақытты.
Серіктес және демеуші
"Казцинк" ЖШС
Бейне
Ақерке Көкенованың (29.04.1999 ж.т.) диагнозы аса ауыр: остеосаркома. Сүйегінде қатерлі ісік өсіп, ауру өршіп келеді...
















