21 мамыр 2014 [ 10:11:50 ]
[ ҚАЗ ] | РУС | ENG
Үміт сәулесі
Шығыс Қазақстан облысының Білім департаменті және Балалар құқығын қорғау жөніндегі департаменті жанындағы балаларға көмек қайырымдылық сайты
Ақеркені қолдаңыздар!
Ақеркені қолдаңыздар!Ақерке Көкенованың (29.04.1999 ж.т.) диагнозы аса ауыр: остеосаркома. Сүйегінде қатерлі ісік өсіп, ауру өршіп келеді...

Өзін-өзі тану

Ұлалардың бірінің айтқаны бар: «Тәрбиемен бас қатырып қанша қажеті бар? Бала жанын ғажайып пен жақсылыққа толтырсаңыз болды, оның өзі-ақ тәрбиелі болып шығады».

Адамгершілік пен рухани тәрбие мәселелері, жалпы ағарту мәселелері адамзаттың ақылды адамдарын әрқашан ойландырып келген. Адамның өмір шындығы құбылыстарын зерделеуіне жаңа мүмкіндіктер ашқан ағартушылықтың рөлі қай кезде де жоғары тұрған. М. Монтель айтқан: «Нағыз парасатты ағартушылық біздің ақылымызды да, ғұрыптарымызды да өзгертеді».

Бүгінгі ағарту тек білімдер жиынтығы ғана емес, сонымен бірге балалар бойында ар-ождан, азаматтық және адамға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін рухани және адамгершілік қасиеттерді дамытуды көздейді.

Қазақстанның бірінші ханымы, «Бөбек» қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаева білім берудегі жаңа көзқарас – адамгершілік-рухани ағартудың авторы болып табылады. Бұл жоба «Өзін-өзі тану» деген атқа ие болып, республикада 2002 жылдан бері қолданылып келеді.

Қазіргі кезде баланы жан-жақты дамыған тұлға ретінде тәрбиелеу ісіне күш-жігерді жұмылдырудың маңызы зор.

Осы мақсатпен сайтта «Өзін-өзі тану – адамгершілік-рухани құндылықтардың жаңаруы» бөлімі ашылды.



Pdf-файлдарын қолдану үшін Adobe Reader қажет.

>Adobe Reader бағдарламасын орнатуға сілтеме.