21 мамыр 2014 [ 10:06:05 ]
[ ҚАЗ ] | РУС | ENG
Үміт сәулесі
Шығыс Қазақстан облысының Білім департаменті және Балалар құқығын қорғау жөніндегі департаменті жанындағы балаларға көмек қайырымдылық сайты
Ақеркені қолдаңыздар!
Ақеркені қолдаңыздар!Ақерке Көкенованың (29.04.1999 ж.т.) диагнозы аса ауыр: остеосаркома. Сүйегінде қатерлі ісік өсіп, ауру өршіп келеді...

ШҚО балалар құқығын қорғау жөніндегі басқармасы

Балалар құқығын қорғау жөніндегі Департамент функциялары әкімшілік реформаға сәйкес жаңадан құрылған балалар құқығын қорғау жөніндегі басқармаға берілді!

Басқарма функцияларына балалар құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі мемлекеттік, жергілікті бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, отбасы мен балалық шаққа қолдау көрсету, кәмелетке толмағандардың, ауыр жағдайдағы берекесіз отбасылардың өңірлік есебін жүргізу, еңбекке орналастыру және тұрмысты жайландыру шараларын қолдану, тағдыр тәлкегіне түскен кәмелетке толмағандарға басқа да көмектер көрсету, коммерциялық емес және басқа да ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмектер көрсету, жетім балаларды және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіпте міндетті түрде жұмысқа орналастыруды және баспанамен қамтамасыз етуді жүзеге асыру кіреді.

Балалар құқығын қорғау жөніндегі басқарма өңірімізде жүзеге асырылып келе жатқан, 1 600-ден астам жетім бала мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған бала қамтылған стратегялық маңызды жобалардың бірі – «Мейірім» акциясын үйлестіреді. Бұл акцияның мақсаты – жетім балаларға және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және олардың тұрмыс жағдайын жақсарту.

Жетім балаларға қолдау көрсету үшін «Мейірім» акциясына ірі кәсіпорындар мен компаниялар, шағын және орта бизнес субъектілері де қатысуда. «Мейірім» тұрғын үй бөлу кестесіне қарай жетім балаларды пәтермен қамтамасыз етуге ден қойған. 2014 жылы отбасы түріндегі балалар үйлері ашылмақ. «Қазахстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ-мен бірге кәсіби бағдар беру және салыстыру мониторингін жүргізеді, сондай-ақ «Жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың өңірлік есебін жүргізу және бақылау» ақпараттық жүйесін құрудың шарттарын әзірлейді.

***

Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі департаменті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 тамыздағы № 744 Қаулысына сәйкес құрылған, заң органдарында 2007 жылғы 9 қазанда тіркелген.

ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі департаментінің мақсаты және мәні

● Департамент қызметінің мақсаты қоғамдағы имандылық басымдығы мен рухани бағдар қалыптастыру, сонымен бірге балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша ведомство аралық үйлестірудің тиімді жүйесін құру болып табылады.

● Департамент қызметінің мәні Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында және балалар құқығы жөніндегі Конвенцияда қарастырылған барлық заңды құқықтарды орындау негізінде бала тұлғасының толық дамуына арналған жағдайлар жасау болып табылады.

Департаменттің негізгі міндеттері, қызметтері және құқықтары

● Департаменттің негізгі міндеттері:

Қазақстан Республикасы Конституциясын, БҰҰ Балалардың құқықтары туралы Конвенциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы», «Неке және отбасы туралы», «Білім туралы» Заңдарының және де басқа да балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау мәселелері жөніндегі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

Жергілікті атқарушы органдарға балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік бағдарламаны өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын, балалардың қоғам мүддесіне рухани және адамгершілік дамыуын ескере отыра жасап, жүзеге асыруға ықпал жасау.

«Әлеуметтік» жетімдіктің, балаларды зорлаудың және балаларды пайдаланудың алдын алу, өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсету;

Балалардың құқықтары туралы Конвенция ережелерін жүзеге асыру мониторингісін жүргізу, балалардың әлеуметтік жағдайын талдау және болжау, өңірдегі балалар өмірінің сапасын арттыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;

Балалардың құқықтары және оларды жүзеге асыру туралы тұрғындарды құлақтандыру деңгейін көтеру.

● Департамент өзіне қойған міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

Рухани-адамгершілік ағарту және балалардың құқықтарын жүзеге асыру саласында, сонымен бірге өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсету мәселелері жөнінде әртүрлі мемлекеттік, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың қызметтерін ведомство аралық ынтымақтастыруды және үйлестіруді қамтамасыз ету.

Балалардың құқықтарын қорғау, қоғамның рухани-адамгершілік дамуы, бала тұлғасының шексіз құндылығы идеясын қалыптастыру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша ақпараттық-насихаттық және ағарту қызметі;

Балалардың құқықтарын қорғау, сонымен бірге қамқорлық және қорғаншылық мәселелері саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын және халықаралық шарттарды жүзеге асыруды тексеруді қамтамасыз ету.

● Негізгі міндеттерін және өз функцияларын жүзеге асыру үшін Департамент құқылы:

Өз құзіреттілігі шеңберінде балалардың құқықтарын қорғау және олардың рухани-адамгершілік дамыту мәселелері жөнінде шешімдер қабылдауға.

Өз құзіреттілігі мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізуге.

Департамент құзіреттілігіне енетін мәселелер бойынша комиссия жұмысына, жұмыс топтарына, сот отырысына қатысуға.


«ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті» ММ

Тел./факс: (қабылхана)

Электронды пошта мекенжайлары: ,

● Балалардың құқықтарын қорғау, мониторингі және ақпараттық-талдау қызметі бөлімі, тел.: .

● Балаларға қорғаншылық және көмек көрсету бөлімі, тел.: .

● Адамды адамгершілік-рухани дамыту бөлімі, тел.: .

● Директордың азаматтарды қабылдау кестесі: әр сәрсенбі сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін.

● Директордың орынбасарымен азаматтарды қабылдау кестесі: әр жұма сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін.

● Қазақстан Республикасының Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өмірдің қиын жағдайына тап болған балалар мен олардың ата-аналарына кеңестік көмек көрсету бойынша «Шұғыл байланыс» тел. .

● «Қоғамдық балаларды қабылдау бөлмесінің телефоны» .


Шығыс-Қазақстан облысының қамқорлық және қорғаншылық органдары

#ОрналастыруТелефон
1Өскемен қаласы
2Семей қаласы
3Риддер қаласы
4Курчатов қаласы
5Абай ауданы
6Аягөз ауданы
7Бесқарағай ауданы
8Бородулиха ауданы
9Глубокое ауданы
10Жарма ауданы
11Зайсан ауданы
12Зырян қаласы, Зырян ауданы
13Катон-Қарағайский ауданы
14Күршім ауданы
15Көкпекті ауданы
16Тарбағатай ауданы
17Ұлан ауданы
18Үржар ауданы
19Шемонаиха ауданы