Асырап алу шарттары
ӨЗ ОТБАСЫНА БАЛА АСЫРАП АЛУ ШЕШІМІН ҚАБЫЛДАП ҚОЙҒАН АТА-АНАЛАРҒА АҚПАРАТ
Бала асырап алуды ресімдеуге тәжірибелік ұсыныстар
Бала асырап алам деуші ата-аналар көбінесе қандай құжаттар дайындау керектігін, қанша уақыт алатынын, қайда барып сұрайтындарын білмей, бірден Балалар үйіне немесе сәбиханаға, емханаға және т.б. жерлерге телефон шалып сұрап жатады. Сіздерге көмектесу, болашақ балаңызбен тез арада қауышу үшін “Баланың отбасында өсу құқығы” ақпараттық бағдарлама аясында Әйелдердің творчестволық бастамашылық лигасы бала асырап алудың рет-жосығы және бірнеше тәжірибелік кеңес жөнінде жалпы ақпарат ұсынады. Ең бірінші сіз қала әкімдігі Білім беру департаментінің балалар мекемелері бойынша бас маманына баруыңыз қажет. Ол бас маман сізбен алдын ала сөйлесіп алып, қажетті құжаттардың тізбесі мен баратын жерлдеріңізді көрсетіп береді.
Бала асырап алам деуші азаматтарды есепке қою үшін қажетті құжаттар:
Үлгі бойынша нотариус растаған өтініш (2 қосымша);
Неке туралы куәліктің көшірмесі (егер де сіз некеде болсаңыз);
Жеке куәліктің көшірмесі;
Жұмыс орнынан алынған еңбекақысы көрсетілген анықтама (еңбекақысы, кірісі);
Тұрып жатқан үйі құжаттарының көшірмесі;
Тұрмыстық-тұрғын үй жағдайын тексеру актісі (асырап алушылар тұрып жатқан аумақтағы мектептің қоғамдық инспекторы жасайды; актіні мектеп директоры растайды) (3 қосымша);
Тұрғылықты жерінен анықтама (№3 үлгі);
Басқа қалалықтар үшін – тұрғылықты жерінен қамқоршылық және қорғаншылық органының қорытындысы;
ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика орталығы берген сотталмағаны жөніндегі мәліметі (4 қосымша);
Медициналық тексеру (психиатр, нарколог, дермато-венеролог, терапевт және басқалар) (5 қосымша).
Сіз әрбір ықылас білдіруші бала асырап алушы бола алмайтынын білгеніңіз жөн. Егер бекітілген аурулар тізбесіндегі сырқаттар сізде болса, онда бала асырап ала алмайсыз. Бұл мынадай аурулар:
1. Жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромын (СПИД) және иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырғандар (ВИЧ).
2. Психикалық аурулар.
3. Маскүнемдік, нашақорлық, уытты заттарға әуестік.
4. Туберкулез.
5. Жыныстық қатынаспен таралатын аурулар.
6. Алапес.
7. Дәнекер тіндердің ауыр сырқаттары.
8. Мүйізденуі бұзылған ауыр дерматоздар.
9. Созылмалы ауыр буллезды дерматоздар.
10. 1, 2 топтағы мугедектік (қамқоршылық және қорғаншылық органының шешімі бойынша).
Құжаттарыңызды дайындап Білім беру департаментіне өткізгеннен кейін Сізге аңсаған ұлыңызды немесе қызыңызды тауып алу үшін балалар мекемелеріне жолдама беріледі.
Сіз баратын мекемелерде “арнайы конкурс” болмайтынын бірден ескере кетеміз. Әрине сіз қалайтын баланың жасы, ұлты, көзі және т.б. жөнінде сізден сұрағанымен, бала таңдауда ең бастысы баланың жағдайын, денсаулығын, тарихын басшылыққа алады. Сіздің басқа мекемелерге барып басқа бала іздеу құқығыңыз бар.
Егер де Сіз бала таңдап алған болсаңыз, баламен танысатын, бір-біріңе үйренетін ең жауапты, ең тамаша уақыт басталады. Екі жұма бойы Сіз баламен серуендеуге келіп тұруыңыз қажет. Егер де бала сізге үйрене алмай, сізден қорқып қалса да, сіз шыдамдылық сақтаңыз. Баланың шартын орындаңыз, қатты табандылық көрсетпеңіз, тәрбиешілермен достасып алыңыз, олар баланың мінез-құлқын, ерекшеліктерін түсінуге сізге көмек көрсете алады.
Танысу кезеңі өткеннен кейін сіздің және балалар мекемесі басшысының қорытындысы жазылған баланың құжаттары сотқа жіберіледі. Отырыс күні белгіленеді. Белгіленген күні Білім беру департаменті қамқоршылық және қорғаншылық органының өкілі және балалар мекемесінің басшысы, сонымен бірге прокурордың қатысуымен соттың жабық отырысы басталады.
Баланы асырап алу жөніндегі соттың шешімі шыққаннан бастап 15 күн өткеннен кейін ғана баланы алып кете аласыз. Балаға күнде барып тұрып, өміріңіздегі үлкен өзгерістерге дайын болыңыз. Барлық жағдайды егжей-тегжейлі ойластыруға тырысыңыз.
Асырап алу жөніндегі соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін ахаж органдарында баланы асырап алу тіркеледі де, асырап алу жөнінде куәлік беріледі.
Егер де Сіз асырап алған балаға өз тегіңізді, атыңызды бергіңіз келсе және оның есімін өзгерткіңіз келсе ахаж бөлімдеріне асырап алушыны ата-ана ретінде тіркеу үшін өтініш білдіру қажет. Бұндай жағдайда ахаж бөлімі кітапқа асырап алушыны ата-ана ретінде жазып, тууы туралы куәлік береді.
Асырап алуды тіркеу аудандық ахаж бөлімдерінде асырап алу жөніндегі соттың шешімі бойынша тіркеледі.
Серіктес және демеуші
"Казцинк" ЖШС
Бейне
Ақерке Көкенованың (29.04.1999 ж.т.) диагнозы аса ауыр: остеосаркома. Сүйегінде қатерлі ісік өсіп, ауру өршіп келеді...
















Чугарин Стасикті 2008 жылғы мамыр айында ауруханаға учаске милиционері мен кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор алып келді. Дәл осы күні «Светоч» деп аталатын қалалық панаханаға апалы-сіңілі 2001 жылы туған Леночка мен 2005 жылы туған Танечканы алып кетті. Осы үш бала үш тәулік бойы жалғыз өздері ғана болған...